01 қазан 2024 | 10:55

Қазақстандықтарға Қытаймен шекара уақытша жабылатыны ескертілді

Фото:depositphotos.com

Қытай Қазақстанмен арадағы автомобиль өткізу бекеттерін уақытша жабады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қытай Қазақстанмен арадағы автомобиль өткізу бекеттерін уақытша жабады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуге байланысты 2024 жылғы 1 қазан мен 3 қазан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдардың, көлік құралдарының және жүктердің өтуі жүзеге асырылмайды, - делінген хабарламада.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастыратыны атап өтілді. Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршруттарын алдын ала жоспарлау сұралды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная