Қазақстандықтарға мемлекеттік туды балконға ілуге рұқсат берілді

Қазақстандықтарға патриоттық сезімдерін білдіру үшін еліміздің мемлекеттік туын ғимараттар мен балкондарда ілуге рұқсат етілді. Қаулыға премьер-министр Асқар Мамин қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтарға патриоттық сезімдерін білдіру үшін еліміздің мемлекеттік туын ғимараттар мен балкондарда ілуге рұқсат етілді. Қаулыға премьер-министр Асқар Мамин қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

27 қарашада Үкімет 2007 жылдың 2 қазанында шығарған № 873 қаулысына өзгерістер енгізді.

4-тармақтың "Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын, мемлекеттік елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидалары" туралы бірінші бөлігі енді мынадай:

Реклама
Реклама

"Мемлекеттік туды жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда (тұрғын үйлерде және тұрғын емес үй-жайларда), оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда патриоттық сезімін, қазақстандық бірегейлігін білдіру, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалана (орнатуы, орналастыруы) алады", - делінген қаулыда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама