22 шілде 2024 | 12:15

Қазақстандықтарға негізсіз ұсталған МӘМС жарналары қайтарылды

Фото:depositphotos.com

Ақмола облысының прокуратурасы әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы жеңілдетілген санаттағы азаматтардың құқығын қорғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысының прокуратурасы әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы жеңілдетілген санаттағы азаматтардың құқығын қорғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Ақмола облысының прокуратурасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) саласындағы заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізді.

"Жұмыс берушілер көп балалы аналардан (6-дан астам бала тәрбиелеп отырған), мүгедектігі бар адамдардан және күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылардан төлеуден босатылған МӘМС жарналарын негізсіз ұстағаны анықталды.

Мысалы, көп балалы ананың жұмыс берушісі әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 31 243 теңге аударған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Басқа жағдайда, мүгедектігі бар адамнан қордың пайдасына 82 306 теңге мөлшерінде жарна ұсталған. Мұндай деректер аз емес екені айтылды.

Қадағалау актісі бойынша жалпы сомасы 60 миллион теңгеден астам жеңілдік санаттағы 436 адамға ақша қаражатын қайтару жүзеге асырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная