Қазақстандықтарға параға шағымданудың жаңа әдісі ұсынылды

Фото ©️ Турар Казангапов

Антикор 1424 Whatsapp чат-ботын іске қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Антикор 1424 Whatsapp чат-ботын іске қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Енді әрбір азамат жемқорлық туралы хабарлай алады немесе WhatsApp мессенджері арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес ала алады. Ол үшін 8 777 000 1424 нөміріне хабарлама жіберу жеткілікті.

"Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы шынайы ақпарат бергені үшін 15,7 млн теңгеге дейін сыйақы көзделген. Біз өтініштің толық құпиялылығына кепілдік береміз. Барлық хабарлама міндетті түрде қаралады және құқықбұзушылықтар анықталған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Алайда Антикор сыбайлас жемқорлық туралы жалған хабарлау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама