Қазақстандықтарға пайдаланылмаған SIM-карта үшін қарыз есептелген: оператор түсіндірмесі

Қазақстандықтарға пайдаланылмаған SIM-карта үшін қарыз есептелген: оператор түсіндірмесі Сурет нейрожелі көмегімен жасалған

Қазақстандық әлеуметтік желіде өзі пайдаланбаған нөмір үшін күтпеген жерден қарыз пайда болғанын хабарлады. Tengrinews.kz тілшісі берешек не үшін есептелгенін анықтап көрді.

Қазақстандық әлеуметтік желіде өзі пайдаланбаған нөмір үшін күтпеген жерден қарыз пайда болғанын хабарлады. Tengrinews.kz тілшісі берешек не үшін есептелгенін анықтап көрді.

"Бұл байланыс емес, микроқарыз болып кетті"

Әлеуметтік желілерде Tele2 абонентінің оқиғасы қызу талқыға түсті. Ол іс жүзінде пайдаланбаған нөміріне күтпеген жерден қарыз жазылғанын айтып, шағымданды.

Реклама
Реклама

Шағым иесінің айтуынша, ол науқан бойынша шамамен 5 мың теңгеге тариф қосқан. Оның айтуынша, науқансыз тариф құны 8 990 теңге болған. Алайда ол бірнеше ай бойы SIM-картаны пайдаланбаған. Кейін теңгерімін тексергенде, минусқа кеткенін көрген.

"Теңгерімді тексерсем минус 5700 теңге. "Жарайды, абоненттік төлем ұсталған шығар" деп ойладым. Ақша салсам, жоқ, бұл өсімақы болып шықты. Жай ғана SIM-картаны пайдаланбағаным үшін", - дейді ол.

Ер адамды қарыздың өзі ғана емес, оның есептелу принципі де ашуландырған:

"Бүгін нөмірді пайдаланбасаң, ертең саған қарыз жазып қояды. Бұл байланыс емес, микроқарыз сияқты".

Сондай-ақ қолданушы мұндай шарттар клиенттерге ашық айтылатынына күмән келтірді:

"Қосылу кезінде бұл туралы қай жерде жазылған? 100 беттік ұсақ жазуды кім оқиды? Неге адам бұл туралы қарыз болғанда ғана біледі?" - деп кейіді ол.

Айта кетейік, жазба астындағы пікірлерде тағы бір қолданушы осыған ұқсас жағдай туралы айтып, оператордан келген SMS-хабарламаның скриншотын тіркеген. Онда қарызды өндіріп алумен коллекторлар айналысуы мүмкін екені жазылғаны назар аудартады.

Скриншот: Threads

Өсімақы туралы ақпарат қайда көрсетілген?

Өсімақы туралы деректер мобильді оператордың сайтында, келісімшартты тариф бөлімінде орналасқан. Ондағы қосымша ақпараттан келісімшартты бұзу шарттарын табуға болады. Онда "31-күннен 60-күнге дейін абоненттік төлем шешілмесе" мынадай шаралар қолданылатыны көрсетілген:

  • Келісімшарт бұзылады;
  • Ары қарай жеңілдік берілмейді;
  • Баға келісімшарт мерзімі аяқталған кездегідей толық құнына өзгереді;
  • Пайдаланылған жеңілдік сомасына сәйкес өсімақы есептеледі.

Сондай-ақ компания сайтында келісімшарт мына жағдайларда бұзылатыны көрсетілген:

  • келісімшарт мерзімінің аяқталуы;
  • басқа тарифтік жоспарға ауысу;
  • нөмірді басқа тұлғаға рәсімдеу;
  • нөмірді басқа оператор желісіне ауыстыру;
  • тариф төлемін шешу үшін теңгерімде қаражат жеткіліксіз болып, одан кейін 30 күн ішінде теңгерімнің толықтырылмауы.

Оператор не деп жауап берді?

Tele2 компаниясы тілшінің сауалына берген жауабында айыпақының есептелуі SIM-картаның пайдаланылмауымен емес, келісімшартты тариф шарттарымен байланысты екендігін айтты.

"SIM-картаны пайдаланбағаны үшін айыпақы қарастырылмаған. Айыпақы тек келісімшарт шарттары бұзылған жағдайда белгілі бір келісімшартты тарифтерде болады. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін оның талаптарын орындамау", - деп түсіндірді оператордың баспасөз қызметі.

Компания өкілдері мұндай тарифтерді қосқан кезде қолданушы ЭЦҚ арқылы шарттармен келісетінін атап өтті.

"Келісімшартты тарифтердің шарттары орындалмаған жағдайда абонент келісімшартта жазылған тармақтарға дайын болуы керек. Келісімшартты тарифтік жоспар бойынша қызметтерді қосу туралы өтініш абонентті қосу процесінің ажырамас бөлігі. Тарифті қоспас бұрын абонент шарттармен таныстырылады және оған тариф бойынша толық ақпаратқа сілтеме беріледі. Оны қосу арқылы абонент жылдық тарифтердің шарттарына келіседі", - деп хабарлады компания.

Сондай-ақ оператор клиенттерге төлемдер мен ықтимал салдар туралы алдын ала ескертілетінін алға тартты:

"Біз абонентке жоспарлы төлемге бірнеше күн қалғанда абоненттік төлемді енгізу қажеттілігі туралы хабарлаймыз. Егер төлем түспесе, айыпақы есептелгенге дейін абонентке SMS-хабарлама жіберіледі".

Егер адам нөмірді уақытша пайдаланбайтын болса, компания тарифті алдын ала ауыстыруға кеңес береді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама