Қазақстандықтарға SMS ескертулер келе бастады

Дина Шарипханова Корреспондент
Қазақстандықтарға SMS ескертулер келе бастады Midjourney

Қазақстандықтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесін жоғалтуы мүмкін екені туралы ескертетін SMS-хабарламалар ала бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесін жоғалтуы мүмкін екені туралы ескертетін SMS-хабарламалар ала бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хабарламалар 1414 қысқа нөмірінен жіберілетіні айтылды. Бұл ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен бірлескен бастамасы.

"Алғашқы SMS-хабарламалар қыркүйекте таратыла бастады, олар МӘМС-тегі мәртебесін қазанда жоғалту қаупі бар азаматтарға жіберілген. SMS-хабарламаға енгізілген азаматтар тізімі мынадай тәртіппен қалыптастырылды: олардың МӘМС-ке соңғы төлемі маусым айында түскен, ал шілде, тамыз және қыркүйек айларында жарналар түспеген. Осыған байланысты бұл азаматтар қазан айында сақтандырылған мәртебесін жоғалтуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Жарналарды төлеуді тоқтатқан азаматтар МӘМС аясында үш ай ішінде медициналық көмек алуға құқылы. Бұл кезеңде олар шартты түрде сақтандырылған болып саналады, алайда өткізіп алған айлар үшін жарналарды төлеу міндеті сақталады.

Сақтандыру мәртебесі бойынша ақпаратты Қордың msqory.kz сайтында, Telegram-дағы SaqtandyryBot, сондай-ақ eGov Mobile, Damumed, Qoldau 24/7 және банк мобильді қосымшалары арқылы алуға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама