Қазақстандықтарға үйлеріне күн батареяларын орнатуға рұқсат беріледі

видео кадры

Қазақстандықтар үйлеріне қуаты 200 киловаттан аспайтын күн батареяларын орната алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар" телеарнасына сілтеме жасап.

Қазақстандықтар үйлеріне қуаты 200 киловаттан аспайтын күн батареяларын орната алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар" телеарнасына сілтеме жасап.

Артық өндірілген кезде тұрғындар жергілікті энергиямен жабдықтаушы ұйым арқылы республикалық желіге электр энергиясын сата алады. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті жоқ, "нетто-тұтынушы" ұғымы арнайы енгізілген.

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мәселелері бойынша осындай түзетулер Парламент Сенатында бірінші оқылымда қабылданды.

Реклама
Реклама

2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясының үлесі жалпы баланстың 15 пайызына жетуі тиіс. Әзірге бұл көрсеткіш 5 пайыздан сәл жоғары. Ал кәсіпорындар мен шаруа қожалықтары үшін күн батареяларын орнату шығындары қаржы операторлары арқылы қарастырылған.

"Жеке тұлғалар үйлерінің үстіне жеке күн электр станциясын койып, өз шығынын азайту біріншіден. Екіншіден, артық болса жүйеге сату, соны қолдау. Әлемдік тұрғыда талқыланып жатқан нәрсе. Тариф өсіп жатыр ғой, сондықтан жеке тұлғалар, шағын бизнес өз шығындарын азайту үшін осындай мүмкіндік болсын деген бастама", - деді энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная