04 шілде 2024 | 15:42

Қазақстандықтарғы WhatsApp-тағы алаяқтық схемалар туралы ескертілді

Фото:depositphotos.com

Ішкі істер министрлігі WhatsApp желісіндегі алаяқтық схемалар туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрлігі WhatsApp желісіндегі алаяқтық схемалар туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сізге WhatsApp арқылы күтпеген жерден досыңыз немесе туысыңыз ірі көлемде қарызға ақша сұрады ма? Міндетті түрде қаражат не үшін қажет екенін және ақшаны қандай шотқа аудару керек екенін сұраңыз. Сізге РБК картасы немесе шот нөмірі жіберілуі мүмкін. Егер өзге банк шотына, мысалы Каспий арқылы аударуды ұсынсаңыз, сізге картасын қайта шығаруға бергенін айтып, жауап береді", - делінген хабарламада.

ІІМ мәліметінше, алаяқтар өздерінің қылмыстық схемаларын осылай пайдаланады.

Реклама
Реклама

"Олар фишинг арқылы мессенджерлерге қолжеткізіп, ұқсас хабарламаларды жібереді. Жақындарыңызға немесе достарыңызға қайта қоңырау шалыңыз. Оларға телефон баптауларына қосылған құрылғыларды жоюға кеңес беріңіз. Ол үшін WhatsApp немесе Telegram-ға кіру керек. Баптаулардан "байланысты құрылғыларды" таңдаңыз. Егер құрылғы сізге таныс болмаса, "шығу" түймесін басыңыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная