Қазақстанға 1 триллион теңгеден астам қаражат қайтарылды: Тоқаев бұл ақша қайда жұмсалғанын айтты

Қазақстанға 1 триллион теңгеден астам қаражат қайтарылды: Тоқаев бұл ақша қайда жұмсалғанын айтты Фото:depositphotos.com

Қазақстанға заңсыз иемденілген 1 триллион теңгеден аса актив қайтарылды. Бұл қаражат қайда жұмсалғанын Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанға заңсыз иемденілген 1 триллион теңгеден аса актив қайтарылды. Бұл қаражат қайда жұмсалғанын Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының айтуынша, Парламенттің "Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заңды қабылдауы – осы қағидаттың нақты көрінісі болды.

"Аталған Заң аясында елге триллион теңгеден астам қаражат қайтарылды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жарнама
Жарнама

Президенттің сөзінше, қазірдің өзінде осы қаржының жартысынан көбі халық игілігіне жұмсалды.

"Соның есебінен 450 аса маңызды әлеуметтік және коммуналдық нысан салынды", - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Тоқаев табиғи байлық азаматтардың бастапқы капиталы ретінде бекітілгенін айтып өтті.

"Қазақстан – осындай бірегей бастаманы іске асырған аймақтағы алғашқы мемлекет. "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы – соның айқын дәлелі", - деді ол.

Бұл жобаның тиімділігі жоғары: үш жылдың ішінде 6,5 миллион баланың есепшотына 2,3 миллиард доллар аударылды. Сондай-ақ Президент қамқорлық шараларының нақты жалғасы ретінде "Келешек" жинақтау жүйесі іске қосылғанын айтты.

"Болашаққа инвестиция салу дегеніміз де – осы", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама