06 маусым 2024 | 15:11

Қазақстанға 15 жасқа дейінгі қыздардың 90 пайызын вакцинациялау ұсынылды

Фото:depositphotos.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2030 жылға қарай Қазақстанда 15 жасқа дейінгі қыздардың 90 пайызын жатыр мойны обырына қарсы вакцинациямен қамтуды ұсынады. Бұл туралы халықаралық ұйымның еліміздегі ресми өкілі доктор Скендер Сыла мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2030 жылға қарай Қазақстанда 15 жасқа дейінгі қыздардың 90 пайызын жатыр мойны обырына қарсы вакцинациямен қамтуды ұсынады. Бұл туралы халықаралық ұйымның еліміздегі ресми өкілі доктор Скендер Сыла мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің Қазақстан Үкіметімен бірлескен міндетіміз – жасөспірім қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялауға барынша қолжетімділікті қамтамасыз ету. ДДҰ 2030 жылға қарай 15 жасқа дейінгі қыздардың 90 пайызын жоспарлы АПВ-ға қарсы вакцинациялаумен қамтуды қамтамасыз етуді ұсынады. Бұл оңай шаруа емес. Бірақ, бізде басқа елдердің сәтті мысалдары бар, әсіресе Аустралияның тәжірибесін атап өткім келеді, онда вакцинациялаудың арқасында жатыр мойны обырының жаңа жағдайлары анықталған жоқ", - деді ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі Скендер Сыла.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жатыр мойны обыры Қазақстанда сүт безі обырынан кейінгі фертилдік жастағы әйелдердің өлімінің екінші себебі екенін атап өтті.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная