Қазақстанға 1,5 тонна қауіпті қалдық кіргізілмек болған

Дина Шарипханова Корреспондент
Қазақстанға 1,5 тонна қауіпті қалдық кіргізілмек болған Фото:gov.kz

Прокуратура қолданылған шиналардың елге заңсыз әкелінуіне тексерісті күшейтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокуратура қолданылған шиналардың елге заңсыз әкелінуіне тексерісті күшейтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елге арнайы рұқсат болған жағдайда ғана қолданылған көлік шиналарын (ТН СЭҚ коды 4012) әкелуге рұқсат етіледі. Бас көлік прокуратурасы бұл тыйымды айналып өтіп, қолданылған шиналарды дөңгелек дискілерімен бірге әкелетіндерді анықтаған.

"Биыл сәуір-маусым айларында бір өңірде салмағы 1,5 мың тоннаға жуық қолданылған шиналарды заңсыз әкелудің 159 дерегі тіркелді. Тағы бір өңірде былтыр 200 тоннадан аса осындай өнім әкелінген. Мұндай шиналар қауіпті қалдықтар ретінде жіктеледі, олар жол қозғалысына және қоршаған ортаға қауіп төндіруі мүмкін", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Осы жағдайлардан кейін Мемлекеттік кірістер комитеті бақылауды күшейткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама