ПОДЕЛИТЬСЯ
12 желтоқсан 2022 | 11:59
Қазақстанға 19 шетелдік компания қоныс аударды
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Қазақстанға шетелдік капиталды тарту жұмыстары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Қазақстанға шетелдік капиталды тарту жұмыстары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкімет басшысы Президенттің сайлауалды бағдарламасына сәйкес алдағы жеті жылда кемінде 150 миллиард доллар тікелей шетелдік инвестиция тарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша, 14,5 миллиард доллар тікелей инвестиция тартылған. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 28 пайызға көп.
"131 мың жаңа жұмыс орны құрылып, жалпы құны 30 триллион теңге болатын 850 инвестициялық жобадан тұратын республикалық пулмен жұмыс жүргізіліп жатыр. Биылғы жыл қорытындысы бойынша, 18,5 мың жұмыс орнын құрылатын, 2 триллион теңгеге болатын 190 жоба пайдалануға беріледі", - деді премьер-министр ел Президентінің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Сонымен қатар, премьер-министр бірқатар шетелдік кәсіпорындарды Қазақстанға көшіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын қосты. Бүгінде 19 кәсіпорын көшкен, қалғандары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также