11 қараша 2024 | 15:29

Қазақстанға 25 градус аяз келеді

Фото:depositphotos.com

Синоптиктер алдағы үш күнде - 12, 13 және 14 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер алдағы үш күнде - 12, 13 және 14 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, республиканың барлық аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, қар жауады; Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болады деп болжанған. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында қарлы боран, көктайғақ құбылыстары, елдің басым бөлігінде екпінді жел күтіледі.

12 қарашада Шығыс Қазақстан облысында, 12-13 қарашада республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қалың қар, 13 қарашада Қазақстанның оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанған. Тек батыста, 14 қарашада елдің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Реклама
Реклама

"Ауа температурасының жоғарылауы батыс облыстарда түнде 0-11 аяздан 8 градус аяз - 3 градус жылыға дейін, Қазақстанның солтүстік-батыс, солтүстік, орталық облыстарында түнде 8-18-ден 3-15 градус аязға дейін, күндіз 5-12 градус аяздан 0-8 градус аязға дейін, 13 қарашада республиканың шығысында ауа температурасы түнде 10-25, күндіз 5-16 градус аязға дейін төмендейді деп күтіледі, одан кейін 14 қарашада түнде 7-20 градус аязға дейін, күндіз 2-13 градус аязға дейін көтеріледі, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасының түнде 6 градус жылы, 6 градус аяздан 1-10 градусқа аязға дейін, күндіз 3 градус аяздан 5 градусқа дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі, - деді метеорологтар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная