ПОДЕЛИТЬСЯ
08 ақпан 2021 | 12:37
Қазақстанға 30 градус аяз келеді
Қазақстанға 30 градус аяз келеді. "Қазгидромет" синоптиктері 9-11 ақпанда елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанға 30 градус аяз келеді. "Қазгидромет" синоптиктері 9-11 ақпанда елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Метеорологтардың мәлімдеуінше, осы уақытта Қазақстан аумағының басым бөлігі Скандинавия аудандарынан келетін суық антициклонның ықпалында болады, сондықтан ауа температурасы 23-30 градусқа дейін, елдің шығысында 28-33 градусқа төмендейді.
"Ал батыс өңірлерге Атлантика аудандарынан кезекті циклон әсер етеді, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады. Ауа температурасы көтеріледі", - делінген хабарламада.
Бұған дейін синоптиктер 8 ақпандағы ауа райын айтқан. Олардың мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жаңбырлы және қарлы болады. Тек батыста ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также