ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қаңтар 2022 | 11:56
Қазақстанға 30 градус аяз келеді
Қазақстанға 30 градус аяз келеді. Қазгидромет синоптиктері 10, 11, 12 қаңтарда елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанға 30 градус аяз келеді. Қазгидромет синоптиктері 10, 11, 12 қаңтарда елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің хабарлауынша, шығатын антициклон еліміздің солтүстік, орталық және шығыс облыстарына әсер етіп, -20 -25, кей жерлерде 30 градусқа дейін аяз болады.
"12 қаңтарда Солтүстік және Оңтүстік циклондар өздерімен бірге қар, боран, суық ауа температурасын әкеледі, алайда 13 қаңтарда солтүстік-батыс антициклон тылға ауысады, ол қайтадан солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, елдің орталығында 30 градусқа дейін аяз тудырады", - делінген хабарламада.
Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде циклон әсерінен жауын-шашын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, сондай-ақ ауа температурасының біртіндеп 2-10 жылыға дейін көтерілуі күтіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также