Қазақстанға 35 градусқа дейін аяз жақындап келеді

Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнде ел аумағында қандай ауа райы күтілетіні туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнде ел аумағында қандай ауа райы күтілетіні туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде кең антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 8 ақпаннан бастап Ақмола облысында, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстігінде атмосфералық фронттардың ықпалы күшейеді, нәтижесінде қар жауып, бұрқасын болуы мүмкін, ал оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Қазақстан бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі болжанған.

"Ауа температурасы біртіндеп төмендейді: батыста түнде минус 10-15 градусқа дейін, солтүстік-батыста минус 17-25 градусқа дейін, солтүстікте және орталықта минус 17-28 градусқа дейін, ал шығыста минус 18-35 градусқа дейін суытады", – делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама