Қазақстанға 37 жаңа компания көшуі мүмкін

Фото:depositphotos.com

Үкімет шетелдік компаниялар Қазақстанға қоныс аударатынын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет шетелдік компаниялар Қазақстанға қоныс аударатынын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкіметте өткен брифингте ҚР ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов Қазақстанға шетелдік компанияларды релокациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Бүгінде тізімде 30-дан астам елдің 400-ге жуық компаниясы бар екені мәлімделді.

"Бүгінде құны 1,5 миллиард доллардан асатын 41 компания бойынша нақты нәтижелер бар. Бұл InDriver, TikTok, Fortescue және т.б. Бүгінде 37 компания бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл жұмысты салалық мемлекеттік органдар мен Инвестициялар жөніндегі комитет жүргізеді. Мерзімдер әр компания үшін жеке қойылады", — деді Бауыржан Құдайбергенов.

Реклама
Реклама

Вице-министрдің айтуынша, біздің елімізге релокациялауға ниетті шетелдік компаниялар үшін басым салалар айқындалған. Бұл негізінен өңдеу өнеркәсібі, IT секторы және тау-кен өнеркәсібі салалары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама