ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қараша 2021 | 11:57
Қазақстанға аса қауіпті вирустар сақталатын зертхана не үшін қажет? Цой жауабы
Жамбыл облысында вирустардың аса қауіпті штамын сақтайтын зертхана салу жоспарланған. Мұндай зертхана неге керек екенін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жамбыл облысында вирустардың аса қауіпті штамын сақтайтын зертхана салу жоспарланған. Мұндай зертхана неге керек екенін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жамбыл облысы Қордай ауданы Гвардейский кентінде вирустардың аса қауіпті штамын сақтайтын жерасты қоймасы бар BSL-4 биологиялық қауіпсіздік деңгейі жоғары ғылыми зертхана салу жоспарланған.
"Қазір бұл мәселе пысықталып жатыр. Ол қаншалықты сұранысқа ие екені зерттеледі. Бірақ, қалай болғанда да, мемлекеттегі кез келген зертхана толығымен Қазақстанның бақылауында болады. Қазіргі уақытта бұл мәселе пысықталып жатыр", - деп түсіндірді министр Үкімет отырысында журналистердің сұрақтарына жауап беріп.
Оның айтуынша, зертхана мемлекет қаржысына салынады. Оған қанша қаражат жұмсалатыны әлі белгісіз.
"Мәселен, бізде BSL-3 зертханасы бар, бұл COVID-19 сияқты штамдарды зерттейтін зертхана. Бізде мұндай зертхананың болуы вакцинаны тез жасауға, осы штамдарға жауап беретін диагностика жасауға мүмкіндік берді.
Қарапайым зертханада қауіпті штамдармен күресу мүмкін емес. Өйткені олар жұқпалы. Яғни, онда жұмыс істейтін адамдар қауіпсіз болуы үшін белгілі бір жағдай қажет, қорғаныс костюмдері қажет, ауаны арнайы өңдеу қажет. Сондықтан бұл мәселе зерттеледі. Қазіргі уақытта бізде осындай зертхана бар, соның негізінде QazVac вакцинасын жасадық", - деп түсіндірді Алексей Цой.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также