Қазақстанға атом станциясы қажет - Тоқаев

Дина Шарипханова Корреспондент
Қазақстанға атом станциясы қажет - Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикаға АЭС қажет екенін айтты. Президент бұл мәселені жан-жақты қарау керек деп санайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Мен Қазақстан халқына жолдауымда Қазақстанда атом энергетикасын құру мүмкіндігін жан-жақты зерделеу міндетін қойдым. Мемлекеттің, халық пен бизнестің өзекті қажеттіліктерін тиісті шамада ескеру маңызды. Мен бұл мәселені егжей-тегжейлі қарастыратын кез келді деп санаймын, өйткені Қазақстанға атом станциясы қажет", - деді Тоқаев Шығыс экономикалық форум - 2021-де онлайн режимде сөйлеген сөзінде.

Шығыс экономикалық форумы 2-4 қыркүйекте Владивостоктағы Қиыр Шығыс федерал университетінің кампусында өтеді.

Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, бұған дейін Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Шығыс экономикалық форумына қатысуға шақырғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама