20 тамыз 2021 | 16:33

Қазақстанға Ауғанстаннан тағы да БҰҰ қызметкерлері келеді

Дина Шарипханова Корреспондент
© Reuters

Қазақстанға БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету миссиясынан тағы да қызметкерлер келеді деп күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанға БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету миссиясынан тағы да қызметкерлер келеді деп күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бір күн бұрын Кабулдан Алматыға қызметкерлерімен бірге ұшып келген БҰҰ-ның Ауғанстандағы көмек миссиясының басшысы, арнайы өкілі Дебора Лайонс Қазақстанға БҰҰ-ның 135 қызметкері келгенін айтты. Олардың тең жартысы өз еліне оралуға дайындалып жатыр.

"Алматыға келген БҰҰ-ның барлық қызметкері демалып, ұйықтап, тамақтанып үлгерді. Олардың 60-қа жуығы осы жерде Алматыда қалып, қашықтан жұмыс істейді. Кабулдағы біздің қызметкерлерге қолдау көрсетеді. Сондай-ақ, Ауғанстаннан тағы да қызметкерлер келеді. Барлығы мұнда 100-ге жуық адам жұмыс істейді. Ауғанстанда БҰҰ-ның гуманитарлық көмек көрсететін 24 агенттігі бар",- деді Дебора Лайонс.

Реклама
Реклама

БҰҰ миссиясы басшысының айтуынша, олардың ұйымы Ауғанстанның бейбіт тұрғындарымен жұмыс жасап, оларға гуманитарлық көмек пен дамуға көмек көрсетеді. Миссия халықаралық донорларды тартады және қоғамның дамуы мен адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету үшін үкіметке қандай қолдау қажет екенін анықтайды. Ұйым Ауғанстандағы аймақтық ынтымақтастықты дамытады, бейбітшілік процестеріне және елдегі жағдайды тұрақтандыруға қатысады. БҰҰ миссиясы бұл мәселелерді Қазақстан үкіметімен талқылауды да жоспарлап отыр.

Тәліптер Ауғанстандағы Қазақстан елшілігін қорғауға уәде берді - СІМ

Бұған дейін Қазақстан СІМ Ауғанстандағы жағдайды мұқият қадағалап отырғанын мәлімдеп, барлық тарапты ішкі тұрақтандырудың басты алғышарты ретінде биліктің бейбіт транзитін қамтамасыз етуге шақырғаны хабарланған болатын.

Айта кетейік, 15 тамызда "Талибан" қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған) содырлары Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын басып алғаны хабарланған болатын. Олар іс жүзінде Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылғанын жариялап, елдегі билікті басып алды. Кейінірек Талибан өкілі елдегі соғыс аяқталғанын жариялады.

Кейін Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті. Өз кезегінде бұқаралық ақпарат құралдары Ашраф Ғани жұбайы Рула және екі кеңесшісімен Өзбекстанға ұшып кеткенін хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная