24 тамыз 2019 13:20

Қазақстанға жақын уақытта 9 миллионға дейін турист келе алады - Тоқаев

Қазақстанға жақын уақытта 9 миллионға дейін турист келе алады, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ұлытау - 2019" халықаралық туристік форумында мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанға жақын уақытта 9 миллионға дейін турист келе алады, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ұлытау - 2019" халықаралық туристік форумында мәлімдеді.

"Біз салалық мемлекеттік бағдарламаны қабылдадық. Оны толық жүзеге асыру туризм үлесін ЖІӨ-дегі сегіз пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Келушілердің саны тоғыз миллионға дейін, ал ішкі туристердің саны сегіз миллионға дейін өсуі тиіс. Осы салада жұмыс істейтін адамдардың санын 650 мың адамға жеткізу керек", - деп Тоқаевтың сөзін Ақорданың Twitter-дегі ресми аккаунты келтіреді.

Реклама
Реклама

Қазақстан Президенті интеграцияланған қосымшаны немесе платформаны әзірлеуге шақырды. Олар туристерді ел және тарихи орындар туралы барлық қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуі тиіс.

"Креатив және инновациялық шешімдер арқылы Қазақстанның туристік әлеуетінің ақпараттық қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет. Туризм индустриясынан Елеулі мультипликативтік әсерді ескере отырып, біз Қазақстанның барлық рекреациялық аймақтарында, соның ішінде "Атамекен" ҰКП мүмкіндігі арқылы қонақ үйлер, тамақтану, демалыс пункттерін салу үшін кәсіпкерлерді барынша тартуымыз керек", - деп толықтырды Тоқаев.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram