Қазақстанға жұмыс істеуге келетін ресейліктердің саны екі есеге артты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Еуразиялық экономикалық комиссияның статистикасы бойынша Қазақстанға жұмыс істеуге баратын ресейліктердің саны екі есеге өскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еуразиялық экономикалық комиссияның статистикасы бойынша Қазақстанға жұмыс істеуге баратын ресейліктердің саны екі есеге өскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәселен, егер 2021 жылы Қазақстанға жұмысқа орналасу мақсатында Ресейдің 31 600 азаматы келсе, былтыр 63 000 ресейлік келген.

Еңбек көші-қоны және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің директоры Алтынай Өмірбекованың айтуынша, статистика тек жұмыс істеу мақсатында келген жұмыс істейтін адамдар бойынша жүргізіледі.

Реклама
Реклама

"Біз статистиканы тек жұмысшыларға, яғни белгілі бір елге белгілі бір мақсатпен жұмыс істеуге келген адамдар туралы ғана жүргіземіз, олар тіркеу кезінде еңбек шартын жасайтын адамдар. Мақсаты жұмысқа орналасу болғандарды ғана жазамыз", - деді Алтынай Өмірбекова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама