ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қараша 2023 | 14:28
Қазақстанға қай елдерден шетелдік банк келуі мүмкін?
Сенатта еліміздегі шағын және орта бизнесті дамытуға арналған үкімет сағатында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов шетелдік банктерді Қазақстанға тарту жұмыстары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қизатов Мемлекет басшысы бұған дейін Қазақстанға үш ірі халықаралық банкті тарту міндетін қойғанын еске салды.
"Бұл бағытта үкімет және Ұлттық банкпен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатырмыз. Таяу Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия, Шығыс Еуропа инвесторлары тарапынан белгілі бір қызығушылық бар. Яғни, бұл жұмысты мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізетміз. Ірі халықаралық банктерді тарту банк нарығындағы бәсекелестікті арттырып, тиісінше халыққа қызмет көрсету сапасын арттырып, экономиканы несиелендірудің кеңеюіне әкеледі деп ойлаймын", - деді агенттік төрағасының орынбасары.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также