20 сәуір 2022 | 13:36

Қазақстанға келетін ресейліктер саны екі есе көбейді - ҰҚК

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©РИА Новости

Ресей азаматтарының Қазақстанға келуі 2021 жылмен салыстырғанда екі есе өсті. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәліметінше, ақпан-сәуір аралығында Қазақстанға 128 мыңнан астам ресейлік келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресей азаматтарының Қазақстанға келуі 2021 жылмен салыстырғанда екі есе өсті. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәліметінше, ақпан-сәуір аралығында Қазақстанға 128 мыңнан астам ресейлік келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биыл ақпан-сәуір аралығында Қазақстанға 128 мыңнан астам Ресей азаматы және 3 074 Украина азаматы келген. 2021 жылдың осы кезеңінде Қазақстанға 58 мыңнан астам Ресей азаматы және 2 617 Украина азаматы келген. Деректер 2021 жылмен салыстырғанда Ресейден келетін азаматтар ағыны екі есеге, ал Украинадан 15 пайызға артқанын көрсетеді", - деді ведомство редакцияның ресми сауалына берген жауабында.

Бұған дейін 2022 жылдың қаңтар-наурыз аралығында 16 837 Ресей азаматы Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алғаны хабарланған болатын. Ішкі істер министрлігі мәліметінше, ең көп ресейліктер Қызылорда облысына - 2463, Алматыға - 2116, БҚО - 1677, Қостанай облысына 1525 келген.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная