30 қазан 2020 | 18:19

Қазақстанға келетіндер үшін карантин неге 7 күнге ұзартылды?

© Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов елге ПТР анықтамасыз кіретін қазақстандықтар неге карантинде жеті күн жатуы керек екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов елге ПТР анықтамасыз кіретін қазақстандықтар неге карантинде жеті күн жатуы керек екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ерлан Қиясов Қазақстанда шеттен әкелінген коронавирус жағдайлары бақылауға алынып жатқанын хабарлады.

Реклама
Реклама

"Бізге адамдарға барлық сақтық шарасын сақтау керегін қанша рет түсіндіру керек. Шетелге шығып немесе шет елдерден келген кезде сіз өзіңіз туралы ғана емес, сіздермен бірге келген адамдар туралы да ойлануыңыз керек. Кемінде бес-алты сағат ұшасыздар. Біздің отандастарымыздың 20 пайызы ПТР-тестілеуден уақтылы өтпеген. Бұл жерде мынадай сұрақ туындайды: "Ұшу кезінде қасымда отырған адам коронавирус жұқтырған болса, мен өзімнің отбасыма, өзіме қауіп төндіремін емес пе".

Бір жағынан, біз шектеу шараларын қабылдап, авиакомпанияларымызды ұшақ бортына адамдарды ПТР-сыз жібермеуге міндеттейміз, бірақ әр түрлі жағдай болатынын түсінесіз, сондықтан қазақстандықтардың келуіне тыйым салуға негіз жоқ", - деді санитар дәрігер.

Қазақстанның бас санитар дәрігері шетелден келген қазақстандықтар "елге оралған кезде Radisson қонақ үйіндегі стациорға 2 күнге жатқызады" деген ойда болғанын жеткізді. Қиясовтың пікірінше, бұлай ой дұрыс емес.

"Шын мәнінде бұл қайта жабдықталған стационарлар болып саналады. Онда карантин талабы жеңілдеу. Күндер санын көбейту, бұл - ескерту шарасы. Мұндай жағдайда адам 7 күнді жоғалтқысы келмейді, ол тест тапсыруға мәжбүр болады.

Сонымен қатар, аймақтардағы жағдайдың нашарлау ықтималдығын ескере отырып, біз ПТР-тест бойынша кідірістер болуы мүмкін кезеңге қор жасаймыз. Сондықтан, осындай шешім қабылданды. Менің ойымша, халық бұл жағдайға түсінікпен қарайды", - дейді Қиясов

Айта кетейік, Қазақстанда 111 492 адам COVID-19 жұқтырды. 106 187 науқас жазылды, 1 825 адам көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная