17 қазан 2020 | 11:15

Қазақстанға келген 276 жолаушы карантинге жатқызылды

© 24.kz

Қазақстанға келген 276 жолаушы карантинге жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанға келген 276 жолаушы карантинге жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

17 қазанға қараған түні елімізге 16 әуе рейсі келді. Оларда жалпы 1 527 жолаушы болған, оның ішінде коронавирусқа анықтамасы бар - 1251, анықтамасы жоқ - 276.

Реклама
Реклама

Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтанда алты рейс, жалпы 656 жолаушы, анықтамасы бар - 528, анықтамасы жоқ - 128;
- Алматыда - тоғыз рейс, 764 жолаушы, анықтамасы бар - 622, анықтамасы жоқ-142;
- Ақтауда - бір рейс, 107 жолаушы, анықтамасы бар - 101, анықтамасы жоқ - алты.

"Қазақстандықтардың 82 пайызы анықтамамен келген. Коронавирусқа анықтамасы жоқ адамдар ПТР тесттен өту үшін екі күндік карантинге жатқызылды", - деді көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов.

Бұған дейін кейінгі тәулікте (16 қазандағы деректер бойынша) Қазақстанда 100 адамнан коронавирус инфекциясы анықталғаны белгілі болды. Ал 17 қазандағы жағдай бойынша, елде коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның тағы 158 жағдайы анықталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная