ПОДЕЛИТЬСЯ
10 сәуір 2020 | 15:33
Қазақстанға келген қытайлық дәрігерлер карантиннен шығатын пациенттің жағдайы қандай болуы керегін айтты
Қазақстанға келген қытайлық дәрігерлер коронавируспен күрестегі тәжірибелерін бөліп жатыр, - деп хабарлайды "Хабар 24".
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанға келген қытайлық дәрігерлер коронавируспен күрестегі тәжірибелерін бөліп жатыр, - деп хабарлайды "Хабар 24".
Бүгін онлайн форматта алғашқы жиын өтіп, отандық мамандарға бірқатар кеңес берілді. Мәселен, вирустың адам ағзасындағы инкубациялық кезеңі 4 күн болуы мүмкін. Бұл - ең қысқа мерзім. Ал ең ұзағы – 37 күн. Сондықтан карантин мерзімі 14 күн болып белгіленді, дейді қытайлық дәрігер Лу Чэнь.
Ал вирус жұқтырды деген күдік тудырған адамды карантиннен шығару үшін, біріншіден оның дене қызуы 3 күн бойы бірқалыпты болуы керек. Екіншіден, тыныс алуында ешқандай қиындықтар болмауы тиіс. Үшіншіден, МРТ және КТ көрсеткіштері жақсарған жағдайда және соңғысы полимеразды тізбектік реакция тесті екі рет теріс нәтиже беруі қажет.
Осы 4 түрлі жағдай орындалғанда, пациентті ауруханадан шығаруға болады. Қазір коронавирустан емделген қазақстандықтар осы параметрлерге толық сай келуі керек, дейді қытайлық мамандар. Бұдан өзге ауруханадан шыққаннан кейін 14 күн оқшаулануы міндеттеледі. Яғни бөлек бөлмеде тұрып, бөлек тамақ ішу қажет. Қолды жиі жуып, маска тағып жүру керек. 14 күннен кейін тағы дәрігерге қаралуы тиіс.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также