Қазақстанға кімдерге кіруге және шығуға тыйым салынды?

© Тұрар Қазанғапов

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Президентінің ТЖ кезінде ел аумағына көлікпен кіру және шығуға шектеу қою туралы қаулысын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Президентінің ТЖ кезінде ел аумағына көлікпен кіру және шығуға шектеу қою туралы қаулысын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметінің персоналын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен Қазақстан Республикасына келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына көліктің барлық түрімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеулер белгіленсін", - делінген Президент қаулысында.

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров төтенше жағдай кезінде шетелде жүрген қазақстандықтар елге қайтып келе алатынын айтты.

Реклама
Реклама

"Шектеу - тыйым салу емес. Шетелде жүрген отандастарымыз Қазақстанға келе алады. Бұл шектеулер негізінен шет мемлекет азаматтарына қатысты", - деп түсіндірді ресми өкіл.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама