19 маусым 2024 | 13:21

Қазақстанға "Қорғастағы" мүлік қайтарылды

Фото: "Қорғас" ШЫХО

Прокурордың талабы бойынша "Қорғас" ШЫХО мүлкі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Бас прокуратураның Telegram-арнасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Прокурордың талабы бойынша "Қорғас" ШЫХО мүлкі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Бас прокуратураның Telegram-арнасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокуратура органдарының тексеру шаралары бойынша, 2018 жылы 900 м2-ден асатын "Қорғас" Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының багаж терминалы 90 миллион теңгеге сатылғаны анықтады.

"Кейіннен 2023 жылы оның астындағы 1,9 гектар жер учаскесін 500 мың теңгеге уақытша пайдалануға қосымша сатып-алу шарты жасалды. Алайда тараптар мүлікті сату ережелерін сақтамаған, мүлікті бағалау бекітілген стандарттарды өрескел бұза отырып жүргізілген", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Оның үстіне жер телімін иеліктен шығару ғимарат сатылған соң 4 жылдан кейін жүзеге асырылған. Осыған байланысты прокурорлар бұл активтерді мемлекет меншігіне қайтару үшін сотқа жүгінген.

"Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 19.03.2024 жылы заңды күшіне енген шешімімен талаптар қанағаттандырылды, шарттар жарамсыз деп танылды".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram