ПОДЕЛИТЬСЯ
17 тамыз 2022 | 09:34
Қазақстанға көшуді ұйғарған ресейліктердің саны туралы мәлімет жарияланды
2022 жылдың жеті айында Қазақстанға Ресей азаматтарынан тұрақты тұруға рұқсат алуға былтырғымен салыстырғанда екі есе көп өтініш түскен. Бұл туралы "Курсив" басылымының ресми сауалына Ішкі істер министрлігі берген жауапта айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
2022 жылдың жеті айында Қазақстанға Ресей азаматтарынан тұрақты тұруға рұқсат алуға былтырғымен салыстырғанда екі есе көп өтініш түскен. Бұл туралы "Курсив" басылымының ресми сауалына Ішкі істер министрлігі берген жауапта айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2020 жылы дәл осындай мерзімде 2 610 өтініш түссе, ал 2021 жылы - 2 853. Биыл ведомстволарға ресейліктерден 4 566 өтініш келіп түскен.
Басылым ЕАЭО елдерінің азаматтары Қазақстанда тіркеусіз 30 күнге дейін, ал тіркелсе 90 күнге дейін бола алатынын еске салды. Алғашқы үш күн ішінде тіркелу қажет. Шетелдік азаматтар 90 күн болғаннан кейін уақытша тұруға рұқсат немесе ықтиярхат алуға құжаттар тапсыруға тиіс.
Рұқсат алуға немесе ықтиярхат алуға өтініш берген Ресей Федерациясының азаматтары көбінесе Қарағанды облысын (9 877 адам), Алматы (7 684), Шығыс Қазақстан (7 415), Қостанай (5 456) және Солтүстік Қазақстан (4 734) облыстарын таңдайды.
2022 жылы 11 037 қазақстандық Ресейге тұрақты тұруға кеткен. Осы кезеңде Қазақстанға 2 134 598 шетел азаматы – жұмысқа, оқуға, емделуге немесе туризм мақсатында келген. 2 529 424 шетел азаматы қайтып кеткен.
Көбінесе Өзбекстан Республикасының азаматтары республикада жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алуға өтініш жасайды: мысалы, 2022 жылы берілген 198 806 ЖСН-ның 91 454 өтініш өзбекстандықтардан, 74 371 ресейліктерден, 7 896 Тәжікстан азаматтарынан, 4 470 өтініш қырғызстандықтардан, 1520 украиндардан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также