15 шілде 2020 | 13:36

Қазақстанға қосымша 5600 жасанды тыныс алдыру аппараты қажет

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова Қазақстанға 5680 жасанды тыныс алдыру аппараты қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова Қазақстанға 5680 жасанды тыныс алдыру аппараты қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде қажет жасанды тыныс алдыру аппараттарының саны қайта қарастырылды. Жедел медициналық көмек каретасын қосымша жабдықтау үшін бізге 680 портативті жасанды тыныс алдыру аппараты және 5000-ға жуық стационарлық аппарат қажет", - деді Бюрабекова ОҚК брифингінде. 

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, Қазақстан Дүниежүзілік банктің қарызы есебінен бірнеше аппарат сатып алуды жоспарлап отыр.

"Бұл реанимация мен қарқынды терапия палаталарын жарақтандыруға арналған сараптау классының жасанды тыныс алдыру аппараттары. Олар шын мәнінде шұғыл көмек көрсету үшін және ауыр науқастар үшін ұзақ уақыт қолданылады", - деп түсіндірді ол.

Еске салайық, Желіде жалпы құны 63 миллион теңге болатын 100 қазақстандық жасанды тыныс  алдыру аппараты Тәжікстанға гуманитарлық көмек ретінде жіберілетіні туралы ақпарат қызу талқыға түскен еді.  

Вице-министрдің айтуынша, бұл аппарат стационарда емес, жедел жәрдем бригадасында науқастарды тасымалдағанда пайдаланылады және аппарат Ақмола облысында жасалады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная