ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қараша 2021 | 23:01
Қазақстанға Pfizer вакцинасының бірінші партиясы жеткізілді
Бүгін, 10 қарашада Алматы әуежайына Qatar Airways әуекомпаниясының Pfizer вакцинасы бар борты қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін, 10 қарашада Алматы әуежайына Qatar Airways әуекомпаниясының Pfizer вакцинасы бар борты қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгін 379 мың доза келді, ертең ел өңірлері бойынша үлестіру басталады. Қазақстан жалпы 4 миллион 230 мың доза Pfizer вакцинасын сатып алды, олар 2 миллион 115 мың жүкті, бала емізетін және жасөспірімдерге арналған. Қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен сақтау үшін арнайы мұздатқыш камералар сатып алынды, онда вакцина минус 90 градус температурада сақталады", - деді "СҚ Фармация" баспасөз қызметінің басшысы Әйгерім Смайылова.
Еске салайық, Қазақстанда Pfizer вакцинасын тек жүкті, бала емізетін және 18 жасқа дейінгі балаларға салу жоспарланған.
Вакцина партиялары бірнеше күн бойы жеткізіледі.
Comirnaty - америкалық Pfizer компаниясы мен Германияның BioNTech технологиялық компаниясы шығарған РНҚ-ға негізделген матрицалық вакцинаның (мРНҚ) сауда атауы. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, вакцинация курсы 21-28 күн аралығымен енгізілетін екі дозадан тұрады. Жеткізілген дозалар ҚР халқын жаппай вакциналауды аяқтауға мүмкіндік береді. Бұл - Қазақстанда тіркелген алтыншы вакцина.
Бірыңғай дистрибьютор келіп түскен вакцинаны ҚР ДСМ СЭБК-нің бөлу кестесіне сәйкес жедел тәртіппен еліміздің өңірлеріне жеткізіледі. Алдағы күндері Қазақстан Республикасының азаматтарына коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау үшін қолжетімді болады.
Вакцинаны сақтау нұсқаулығын нақты ұстану және жағымсыз салдарды болдырмау үшін вакцинаны жеткізуге және қолдануға дайындық шаралары жүргізілді. Өндіруші ұсынған суық тізбекке қойылатын талаптарға сәйкес ультра төмен температура -60 -90 С режимінде сақтауға арналған мұздатқыш жабдықтар сатып алынды.
Сондай-ақ, вакцинаны енгізу үшін қажетті шприцтер қоры сатып алынды.
Вакцинацияны жүргізетін тиісті қызметкерлер вакцинамен дұрыс жұмыс істеуге және оны қолдануға үйретілді.
Comirnaty Pfizer/BioNTech вакцинасы ДДҰ-ға шұғыл қолдануға рұқсат етілген, вакцина АҚШ, Ұлыбритания, Канада және ЕО-да қолданылады. Клиникалық зерттеулердің нәтижелері бойынша оның тиімділігі 95 пайызды құрайды. Бұл АҚШ-та жедел қолдануға рұқсат етілген (Төтенше пайдалану авторизациясы, EUA) аясында қолданыла бастаған алғашқы вакцина.
Еске салайық, Қазақстан аумағында халықты вакцинациялау үшін келесі вакциналар қолданылды: QazVac, "Спутник V", Hayat-Vax, Соronavac, Sinopharm.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также