ПОДЕЛИТЬСЯ
19 шілде 2021 | 21:23
Қазақстанға Pfizer вакцинасының екі миллион дозасы жеткізілуі мүмкін
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасының екі миллион дозасын жеткізу туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасының екі миллион дозасын жеткізу туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мән-жайы - құпия. Біз бастапқыда сауда келісіміне қол қоямыз, оның нәтижелері бойынша мәмілелердің қандай да бір егжей-тегжейін жария ете алмаймыз. Pfizer бойынша айтарым, әә, бізде белгілі бір келісімдерге бар. Қазір біз Денсаулық сақтау министрлігіне осындай келісімшарттарға қол қою және одан әрі Pfizer компаниясының шарттарымен осы жеткізілімді жүзеге асыру құқығын беру мәселесін пысықтап жатырмыз", - деді Цой "Хабар 24" телеарнасындағы тікелей эфирде.
Министрдің айтуынша, вакцинаны жеткізу туралы мәліметтер келісімшарт жасалғаннан кейін ғана айтылады.
"Жақын арада. Бұл - екі жақты қарым-қатынас. Көлемі, бағасы келісімшартта болады. Қорытындылай келе, егер бізге бұл ақпаратты халыққа жеткізуге рұқсат етілсе, біз оны міндетті түрде жасаймыз. Өндіруші бізден деректерді беру бойынша құпиялылық сақтауды сұрайды, әйтпесе келісімшарттың өзі жойылуы мүмкін. Бұл төртінші тоқсан. Бізде жеткізілімдердің нақты кестесі пайда болатын кезең. Әзірше екі миллион туралы алдын ала келісімдер бар. Онда барлығы компания бізге қандай мерзімде жеткізе алатынына байланысты. Біз бұл мәселені пысықтап жатырмыз", - деп түйіндеді Цой.
Кейінгі мәліметке қарағанда, 2021 жылғы 18 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 4 895 174 адам, 2-ші компонентін 2 798 360 адам салдырған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также