ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қараша 2021 | 11:49
Қазақстанға Pfizer вакцинасының жаңа партиясы келді
Алматыға Pfizer (Comirnaty) компаниясы өндіретін COVID-19-ға қарсы вакцинаның екінші партиясы, 266 760 доза келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыға Pfizer (Comirnaty) компаниясы өндіретін COVID-19-ға қарсы вакцинаның екінші партиясы, 266 760 доза келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Бірыңғай дистрибьютор Pfizer компаниясымен жүргізілген келіссөздер қорытындысы бойынша барлығы 4 миллион 230 мың доза сатып алды.
Келген вакцина жедел түрде еліміздің өңірлеріне жіберілді. Comirnaty вакцинасы тікелей облыстық денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына жеткізіледі.
"Вакциналарды тасымалдауда әр кезеңде температуралық режим қатаң сақталады. Сонымен қатар, әр деңгейде өзінің жауапты ұйымы мен жауапты адамдар бар.
Comirnaty препаратымен вакцинация жүргізілетін барлық медициналық ұйым дайын. Талаптарға сәйкес ультра төмен -60... -90 градус температура режимін сақтау үшін мұздатқыштар сатып алынды. Сондай-ақ, вакцинаны сұйылтуға және егуге арналған шприцтердің қажетті қоры сатып алынды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы 379 мың доза көлемінде келді. Pfizer вакцинасы жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін әйелдерге тегін қол жетімді. Үкімет отырысында осы санатқа жатпайтын қазақстандықтарға Pfizer-ді ақылы негізде егуге мүмкіндік беру ұсынылды. Идеяны елдің премьер-министрі қолдады. Айта кетейік, Қазақстанда қазір бес түрлі вакцина бар (Спутник, QazVac, Sinopharm, Corona V ac, Hayat-Var), олар тегін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также