13 шілде 2022 | 17:40

Қазақстанға шетелден көп студент келеді деген болжам бар - министр

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Қазақстанға шетелден көп студент келеді деген болжам бар. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанға шетелден көп студент келеді деген болжам бар. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Білім алу мүмкіндігін іздеп оралатын біздің де, басқа мемлекет азаматтарының да айтарлықтай көп ағынын күтеміз. Біріншіден, бұл 11 сәуірде Ресейдің Болон процесі ұйымына мүшелігін тоқтатуына байланысты.

Бұл жерде 1 шілдеден бастап еліміз Болон ұйымының тең төрағасы болғанын атап өту керек. 5-6 қазанда Нұр-Сұлтанда үлкен конференция өтеді. Министр ретінде мен Болон ұйымының тең төрағасымын. Сондықтан мұндай болжамдар бар, бірақ әзірге үлкен ағын жоқ, дайындала бастаймыз", - деді Саясат Нұрбек журналистер сұрағына жауап бере отырып.

Сондай-ақ, ол Қазақстанда Ресей дипломдарын тану туралы сұраққа жауап берді.

Реклама
Реклама

"ЕАЭО аясында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы екіжақты келісім аясында несиелерді есепке алу, дипломдарды тану мәселелері әлдеқашан реттелген, сондықтан мұндай проблемалар болмайды. ЕАЭО-дан тыс жерде болса, бұл Ресейдің басқа елдермен екіжақты ынтымақтастығы мәселелері. Қосымша екіжақты келісімдер бар, яғни Болон процесі шеңберінен тыс. Сондықтан, бұл БАҚ-та өршіп тұрғандай үлкен мәселе емес", - деп қосты ғылым және жоғары білім министрі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная