01 қыркүйек 2023 | 17:05

Қазақстанға шетелдік банктер не үшін қажет?

Сурет: elements.envato.com

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Қазақстанға шетелдік банктер не үшін қажет екеніне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Қазақстанға шетелдік банктер не үшін қажет екеніне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Елімізде қазір 21 банк жұмыс істейді. Осы 21 банктің 11 банкінде шетел капиталы бар. Шетелдік банктерге толығымен тиесілі банктер бар, мысалы Citibank, бізде үш қытай, бір корей, бір түрік банктері бар. Басқа банктердегі үлесі үлкен емес", - деп жауап берді Мәдина журналистердің сұрақтарына.

Реклама
Реклама

Әбілқасымованың айтуынша, Қазақстанның банк секторында бар шетелдік банктер негізінен сауда операцияларына қызмет көрсетуге бағытталған.

"Негізінен ол қытайлық компаниялар, оларға Қытай банктерінде қызмет көрсетіледі, қазіргі уақытта олардың үлесі қазақстандық банктердің активтерімен салыстырғанда айтарлықтай аз. Осыған байланысты үлкен Батыс, Азия немесе Таяу Шығыс банктерінің елімізге келуі қаржы нарығындағы бәсекелестікті күшейтеді және экономиканы қаржыландыруды ұлғайтуға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная