Қазақстанға солтүстіктегі құны 30 миллиард теңгеге жуық жерлер қайтарылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото Амир Абдулхаимов

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекет меншігіне 29,8 миллиард теңге тұратын пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекет меншігіне 29,8 миллиард теңге тұратын пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасына сілтеме жасап.

2025 жылдың басынан бері қадағалаушы орган жалпы ауданы 146 мың гектардан асатын 75 жер учаскесін анықтады, олар мақсатына сай пайдаланылмаған.

Ақжар, Есіл, Ғабит Мүсірепов, Тимирязев және Уәлиханов аудандарында жер пайдаланушылар Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы 45 жер учаскесін ұзақ уақыт бойы мақсатты пайдаланбаған.

Реклама
Реклама

Петропавл қаласында кәсіпкерлік субъектісі Жер кодексінің талаптарына қарамастан, үш жыл бойы коммерциялық мақсатта бөлінген 123 гектар жер учаскесін пайдаланбаға.

"Прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде жалпы ауданы 33,2 мың гектарды құрайтын, кадастрлық құны 29,8 миллиард теңге болатын 36 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама