ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қыркүйек 2024 | 14:15
Қазақстанға суық антициклон жақындап келеді
Синоптиктер Қазақстанда 21, 22 және 23 қыркүйекте ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер Қазақстанда 21, 22 және 23 қыркүйекте ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Метеорологтар мәліметінше, алдағы демалыс күндері батыс пен оңтүстікте найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
22 қыркүйектен бастап Скандинавия аймақтарынан антициклонның екпіні елдің батысына тарай бастайды, бұл жауын-шашынның тоқтауына әкеледі. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі, батыста, солтүстік-батыста және республика орталығында топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.
"Ауа температурасы күндіз республиканың батысында +20...+25-тен +15...+20, солтүстікте +17...+22-ден +8...+18 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі, қалған аумақта күрт өзгерістер күтілмейді", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также