Қазақстанға теміржол арқылы жүктерді жеткізу уақыты қысқарады

09 Маусым 2014, 12:14
0
Қазақстанға теміржол арқылы жүктерді жеткізу уақыты қысқарады - ©Нұрғиса Елеубеков
©Нұрғиса Елеубеков

Қазақстанның кеденшілері құжат рәсімдеудің жаңа жүйесін сынап көрмек. Аталған жүйе Кедендік одаққа теміржол арқылы келетін барлық тауарлар туралы ақпаратты алдын ала алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР көлік және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Көлік және жол қатынастары комитетінің төрағасы Еркін Мейірбековтің айтуынша, қазіргі кезде барлық құжаттар жүк кеден бекетіне келген уақытта ғана тексеріледі. "Кей кезде бұл жұмысқа бірнеше сағат кетеді. Жүк болса, көп тұрып қалады. Ал алдын ала ақпараттандыру жүйесі арқылы тасымалдаушы жүктің бекетке нақты келуіне дейін екі сағат бұрын кеден қызметіне тауар жөнінде ақпарат бере алады. Осының арқасында кеден органдары тиісті құжаттарды қысқа мерзімде әрі сапалы түрде тексеріп, жүкті жеткізу мерзімін қысқартуға жағдай жасайды", - дейді Е.Мейірбеков. Әзірше, жаңа жүйе бірнеше жерде сынақ ретінде өтпек. 

Ал ағымдағы жылы қазанның 1-інен бастап аталған процедура міндетті шара ретінде енгізіледі. Бұл норма Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешімімен (№196, 17.09.2013) бекітілген. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай