ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қазан 2020 | 14:01
Қазақстанға ұшып келген алты жолаушыдан коронавирус анықталды
Халықаралық әуе рейстерімен ұшып келген алты қазақстандықтан коронавирус анықталды. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"6-12 қазан аралығында Халықаралық әуе рейстерімен 14 578 жолаушы келді, олардың ішінде коронавирусқа ПТР анықтамалары бар - 11 966 немесе 82 пайыз, анықтамасыз - 2 596 жолаушы. ПТР талдауын тапсыру үшін 2 596 қазақстандық екі күндік карантинге орналастырылды.
Тест тапсырған 2 596 қазақстандықтың ішінен әртүрлі әуе арейстерімен және түрлі мерзімдер бойынша келген алты қазақстандықтан коронавирус анықталды", - деді Байғабылов.
Оның айтуынша, жұқтырғандардың арасында үш жолаушы Алматыда (10 және 12 қазанда ұшып келген), біреуі Нұр-Сұлтанда (9 қазанда) және екеуі Шымкентте (11 қазанда).
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также