Өзбекстанда, Қазақстан шекарасына жақын жерде жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәліметінше, магнитудасы 2,6 болатын жер сілкінісі 12 қаңтарда Астана уақытымен 14:41-де Өзбекстан аумағында тіркелген. Картаға сәйкес, жерасты дүмпулерінің ошағы Қазақстан шекарасынан шамамен 60 шақырым қашықтықта орналасқан.
Еске салайық, 12 қаңтарда Алматы маңында да жер сілкінісі болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 4,0 болды. Қазақстан аумағында жерасты дүмпулері сезілмегені атап өтілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!