01 ақпан 2021 | 12:03

Қазақстаннан 700 тонна газ Ауғанстан мен Тәжікстанға контрабандалық жолмен жіберілген

Видеодан алынған кадр

Шымкенттің екі тұрғыны үш жыл бойы Қазақстаннан Тәжікстан мен Ауғанстанға сұйытылған газды заңсыз өткізіп келген. Олар 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін 700 тонна табиғи отын жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Газ контрабандасы туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкенттің екі тұрғыны үш жыл бойы Қазақстаннан Тәжікстан мен Ауғанстанға сұйытылған газды заңсыз өткізіп келген. Олар 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін 700 тонна табиғи отын жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Газ контрабандасы туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

Шымкент тұрғындары құжатты жалған декларациядан өткізген. Олардың көмегімен 2017-2020 жылдар аралығында олар Тәжікстан мен Ауғанстанға 700 тоннадан астам сұйытылған газды заңсыз экспорттаған.

Реклама
Реклама

Бұл қылмысы үшін екі ер адам үш жылға бас бостандығынан айырылды. Олар Қылмыстық кодекстің "экономикалық контрабанда" және "мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау, сатып алу, сату, сақтау, сондай-ақ олардың шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз мұнай өңдеу" баптары бойынша сотталды.

"Мемлекет кірісіне жалпы сомасы 110 миллион теңге болатын 720,8 тонна сұйытылған газ жіберілді", - деп қосты агенттіктегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная