17 қараша 2021 | 11:32

Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейстер: министр егжей-тегжейін айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов АҚШ-пен ашық аспан туралы келісімнің егжей-тегжейін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов АҚШ-пен ашық аспан туралы келісімнің егжей-тегжейін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2019 жылдың 30 желтоқсанында Қазақстан Үкіметі мен АҚШ үкіметі арасында әуе қатынасы туралы келісімге қол қойылды. Келісімнің негізгі мақсаты - Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашудың құқықтық негіздерін құру", - деді Атамқұлов Мәжіліс отырысында.

Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) әуе қатынасын ырықтандыру жөніндегі ұсыныстары мен Америка тарапының келісіміне сәйкес авиакомпаниялардың межелі пункттері мен жиіліктердің саны бойынша, оның ішінде жолаушылар тасымалдары үшін "ауа бостандығының" бесінші дәрежесімен шектеусіз ұшуды орындай алады.

Реклама
Реклама

"Келісім ел тарихындағы ашық аспан режиміндегі алғашқы келісім. Кез келген қазақстандық әуе компаниясы Қазақстанның кез келген қаласынан АҚШ-тың кез келген қаласына шексіз жиілікте жолаушылар тасымалдай алады", - деді министр.

Атамқұлов 2019 жылы Қазақстаннан АҚШ-қа 164 мың жолаушы ұшқанын айтты.

Алайда, мұндай алыс қашықтыққа ұшу үшін Үкіметтің авиакомпанияларға қоятын талаптары бар.

"Авиациялық қауіпсіздік сертификатын алу қажет. Air Astana мен SCAT арасында келісім болуы тиіс. Осы рейстерді орындау үшін келісім ратификацияланғаннан кейін олар Boeing және Airbus-пен келісім жасауы қажет. Қашықтық өте ұзақ, сондықтан ұшақтар Boeing 747 болуы керек", - деп түсіндірді министр.

Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен АҚШ үкіметтері арасындағы әуе қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram