ПОДЕЛИТЬСЯ
14 наурыз 2022 | 08:58
Қазақстаннан дәрі-дәрмек салынған гуманитарлық көмек Украинаға жіберілді
14 наурызда таңертең Алматы әуежайынан Украинаға гуманитарлық көмек жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
14 наурызда таңертең Алматы әуежайынан Украинаға гуманитарлық көмек жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Украинаға гуманитарлық көмек дайындады. ҚР Үкіметі жанындағы халықаралық гуманитарлық көмек көрсету мәселелері жөніндегі комиссия Украина халқына медициналық препараттар бөлді.
Гуманитарлық жүк салынған ұшақ Алматы-Катовице бағытында ұшады. Ол жерде Украинадағы Қазақстан азаматтары эвакуацияланған еді. Жүк Air Astana компаниясының Boeing 767 ұшағына тиелді.
Әуежай қызметкерлері автомат жүктиегіш көмегімен әуекемесінің жүк бөліміне әрқайсысының салмағы бірнеше тонна болатын төрт контейнерді 20 минут ішінде орналастырды.
Гуманитарлық көмектің жалпы салмағы 28,2 тонна болады. Онда дәрі-дәрмектің 17 түрі бар: антибиотиктер, қабынуға қарсы, жөтелге қарсы және антигипертензив препараттар. Жүк 14, 15 наурызда екі рейспен жіберіледі.
"Бүгін жүктің бір бөлігі жіберіледі. 31 паллет жіберілді. Ертең қалғанын жібереміз. Гуманитарлық көмекке арналған препараттар халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссия отырысының хаттамалары және денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстары бойынша таңдалды. Украина тарапы қазір оларға қандай дәрі-дәрмектер қажет екенін айтты. Барлық препарат Қазақстанда өндірілген", - деді "СК-Фармация" ЖШС Алматы қаласы бойынша өкілдігінің менеджері Шолпан Әділбекова.
Жүк бірнеше күн ішінде жедел жиналғаны айтылды. Препараттар үшін арнайы сақтау шарттары қажет емес, тек температура +15-тен +25 градусқа дейін болуы керек.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также