ПОДЕЛИТЬСЯ
14 маусым 2024 | 14:54
Қазақстаннан қант экспорттауға шектеу енгізілді
Қазақстаннан қант экспорттауға уақытша шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстаннан қант экспорттауға уақытша шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ауыл шаруашылығы министрінің 11 маусымдағы бұйрығымен 31 тамызға дейін ел аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қант әкетуге уақытша шектеу енгізілді.
Шектеу ҚР аумағы арқылы халықаралық қант транзитіне, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына қант тасымалдауға қатысты қолданылмайды. Бұйрық 2024 жылғы 14 маусымнан бастап күшіне енді.
"Қант шығаруға уақытша шектеу шараларын белгілеу туралы шешім сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда 2024 жылғы 6 мамырда қабылданды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, жазғы кезеңде ішкі нарықта қант тұтынудың халық тарапынан да, индустриялық тұтынушылар тарапынан да өсетіні байқалады. Осыған байланысты қант әкетуге уақытша тыйым салу ішкі нарықты қамтамасыз ету және оның кері экспортын болдырмау мақсатында енгізілген.
"Тұтастай алғанда қазір елдегі қант қоры қант қызылшасының жаңа өнімі басталғанға дейін қантқа деген сұранысты қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Бұдан бөлек отандық қант зауыттары қант өндіру үшін үшінші елдерден қамыс шикізатын әкеледі. Қазір министрлік өнеркәсіптік қайта өңдеу үшін шикі қантты бажсыз әкелуге өтінімдер қабылдауды жалғастырып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также