ПОДЕЛИТЬСЯ
11 тамыз 2021 | 18:07
Қазақстаннан көмек ретінде жіберілген тікұшақ Түркияға жетті
Қазақстаннан орман өртін сөндіру үшін көмек ретінде жіберілген тікұшақтар Түркия Республикасына жетті. Бұл туралы Қазақстан ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстаннан орман өртін сөндіру үшін көмек ретінде жіберілген тікұшақтар Түркия Республикасына жетті. Бұл туралы Қазақстан ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша түрік халқына бауырластық және гуманитарлық көмек көрсету аясында 11 тамызда сағат 13.25-те Қазақстан ТЖМ құтқару тобы Даламан қаласына келді", - делінген хабарламада.
Оның құрамында 2 Ми-8АМТ тікұшағы және орман өрттерін сөндіруге тартылған 16 құтқарушы бар.
"Түстен кейін өрт сөндіру орындарында барлау мақсатында ұшу жоспарланған. Одан әрі Қазақстан ТЖМ жеке құрамы Түркия Республикасы ТЖМ жедел штабының қарамағында өрт сөндіру жұмыстарына кіріседі", - делінген ТЖМ хабарламасында.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 7 тамызда "Қазавиақұтқару" АҚ-ның суағар құрылғылары бар Ми-8 АМТ екі тікұшағы және орман өртін сөндіруге көмек көрсету үшін 16 құтқарушы Түркияға жіберілгені хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также