12 маусым 2021 | 10:46

Қазақстаннан Ресейге вирус жұққан қызанақтар тасымалданбақ болған

Фото: Алтай өлкесі бойынша Россельхознадзор

Ресейге Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстаннан пепиноның теңбіл вирусын жұқтырған қызанақтың бес партиясы (98,9 тонна) тасымалданбақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алтай өлкесіндегі Россельхознадзор басқармасы мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейге Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстаннан пепиноның теңбіл вирусын жұқтырған қызанақтың бес партиясы (98,9 тонна) тасымалданбақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алтай өлкесіндегі Россельхознадзор басқармасы мәлімдеді.

2021 жылы 24 мамыр мен 9 маусым аралығында инспекторлар Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген пепиноның теңбіл вирусын (Pepino Mosaic Virus) жұқтырған қызанақтардың 5 партиясын (98,9 тонна) анықтады.

"Вирустың бары Алтай филиалында жүргізілген зертханалық сараптама нәтижелерінде расталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Россельхознадзор мәліметінше, вирус жұқтырған барлық өнімге қатысты қолданыстағы фитосанитарлық заңнамада қарастырылған қажетті шаралар қабылданды. Оның ішінде қауіпті өнімдерді жою және оларды әкелуге тыйым салу бар.

Пепиноның теңбіл вирусы (PepMV) - бүкіл әлемдегі қызанақтың ең қауіпті вирустық ауруларының бірі. PepMV-дан қызанақ жемістері мәрмәр түске боялады, ол көкөніске үлкен зиян келтіреді және сатылым сапасын едәуір төмендетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная