Қазақстаннан шығарылған 60 шетелдік Астанада жасырынып жүрген

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Елордада қоғамдық орындармен көшелерде тиісті тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында "Елден шығарылатындар" атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көші-қон қызметі бұрын Қазақстан Республикасының шекарасынан шығарылған, бірақ сот шешімін орындамай, Астанада заңсыз жүрген 60 шетелдік азаматты анықтаған.

"Полицейлер Қазақстан Республикасынан 2022 шығарылған, бірақ елден кетпей жүрген Өзбекстан Республикасының 31 жастағы азаматын ұстады. Заң бұзған шетелдік азамат, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен ел аумағынан мәжбүрлеп шығарып жіберу үшін 30 тәулікке қамауға алу туралы қаулы шығарды.

Тәртіп сақшылары елден шығару туралы қаулыны орындамау қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын және қылмыстық заңнамаға сәйкес, жауапкершілікке алып келетіндігін атап өтті", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама