Қазақстаннан заңсыз ақша шығаруға бақылау күшейеді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Қазақстаннан заңсыз ақша шығаруға бақылау күшейеді Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев Қазақстаннан заңсыз жолмен ақша шығаруға қарсы қандай жұмыстар атқарылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев Қазақстаннан заңсыз жолмен ақша шығаруға қарсы қандай жұмыстар атқарылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство басшысы бұған дейін Мемлекет басшысы төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты шетелге ақша шығару, оның ішінде жалған мәмілелер жасау арқылы шығару қаупі артқанын айтты.

"Ұлттық банк Қаржы мониторингі агенттігімен, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, биыл 10 қаңтарда елден заңсыз ақша шығаруды бақылауды күшейту бойынша бұйрық қабылдады. Бұл бұйрыққа сәйкес операцияларды жүргізуге өтінімдер бойынша іс-қимылдар алгоритмі, сондай-ақ, күшейтілген қаржы мониторингіне жататын трансшекаралық операциялардың тізбесі бекітілді. Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда мұндай операциялар жедел тоқтатылады", - деді Досаев Үкімет отырысында.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама