17 қаңтар 2024 17:53

Қазақстанның 10 қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Синоптиктер Қазақстандағы 10 қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер Қазақстандағы 10 қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің болжамына сәйкес, 18 қаңтарда Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды, Теміртау, Павлодар, Өскемен, Семей және Риддерде қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram